Саудия Израилмен қатынас орнату үшін батыс елдерін «түсінен шошытатын» шартын қоюы мүмкін
Саудия Израилмен қатынас орнату үшін батыс елдерін «түсінен шошытатын» шартын қоюы мүмкін
1 жыл бұрын 869 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Cауд Арабиясы өзімен дипломатиялық байланыс орнатуға мүдделі Израилмен арадағы қарым-қатынасты қалпына келтіруі үшін АҚШ-тан бейбіт ядролық бағдарламасын мақұлдауды шарт етіп қоюы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The New York Times мерзімді басылымындағы шолуға жөн сілтеген golosislama ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Араб түбегіндегі ең ірі елді басқаруға қол жеткізген Мұхаммед бен Салман таяуда Саудияға сапарлап келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Ентони Блинкенге осындай талап қойған, деп жазаы аталмыш дерек көзі. Бұдан бөлек, америкалық қару-жарақ арсеналына қол жеткізуді мақсат ететіні айтылған. Саудия өзінің мүддесін алға тарта тартқанымен, Израилмен екі арада арағайын рөлін атқарған АҚШ та, Саудиямен қатынас орнатуға мүдделі Израилдің өзі де Саудияның ядролық бағдарламасына келісімін бермейтінін білдірді. Бұған қоса, Саудияның мұндай талабын қанағаттандыруға АҚШ конгресінің арнайы рұқсаты керек. Десе де Саудия билігі шымылдық артынан саяси сауда жүргізгеніне қарамастан Араб мемлекеттері лигасында тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылғанда ғана Израилмен арадағы қатынасты қалпына келтіруге уәде беріп келеді.

0 пікір
Мұрағат