Саудия билігі жұқпалы індетке байланысты қажылық тәртібіне ішінара өзгеріс енгізді
Саудия билігі жұқпалы індетке байланысты қажылық тәртібіне ішінара өзгеріс енгізді
3 жыл бұрын 1627 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі 2022 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап COVID-19 вирусына қарсы «Спутник V» екпесін алғандарды қабылдауға рұқсат етті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресейдің тікелей инвестиция қорына жөн сілтеген centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де «Спутник V» екпесін алған қажылар Саудия аумағына кірген соң 48 сағат карантинде болады әрі тест тапсырады. Осылайша аталған елге бұдан былай Moderna, Johnson & Johnson, AstraZeneca, Pfizer және BioNTech екпелерімен қатар «Спутник V» екпесін алғандар да Қажылық пен ұмраны өтеу мүмкіндігі ие болды. Бұдан бөлек, короновирустың «Омикрон» штамының анықталуына байланысты қажылық шарттарына ішінара өзгеріс енгізген еді. Бұл жайында Al Jazeera телеарнасы хабарлаған болатын. Ұмра, яғни, кіші қажылығын өтегісі келетіндер кем дегенде COVID-19 вирусына қарсы Саудия билігі мақұлдаған екпенің екі компонентін алуы тиіс болатын. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдағанмен Саудия билігі жасаған тізімге енбеген екпені алғандар үш күндік карантиннен өтіп, шектеу шарасынан 48 сағат өткен соң тест тапсыруы тиіс болатын. Саудия билігі шетелдік қажыларға 30 күнге дейін Саудия аумағында болуға рұқсат етіп отыр. Саудия билігі жасы 18-ге толғандар мен бұл жастан асқандарға ғана қажылығын өтеуге рұқсат етеді.

0 пікір
Мұрағат