Саудия Азия елдері үшін мұнай бағасын төмендетеді
Саудия Азия елдері үшін мұнай бағасын төмендетеді
2 жыл бұрын 994 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: timesofoman.com

Сауд Арабиясы ақпан айында Азия елдері үшін мұнайдың барлық сортының бағасын төмендетеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Saudi Aramco мемлекеттік компаниясына жөн сілтеген interfax ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Азияға жеткізілетін негізгі сорттың құны – Arab Light – келесі айда барреліне 1,4 долларға төмендейді. Нәтижесінде ол Оман мен Дубайдан келетін мұнай себетінен бір баррел үшін 1,8 долларға қымбатқа түседі, бұл 2021 жылдың қарашасынан бергі ең төменгі сыйлықақы. Солтүстік-Батыс Еуропа үшін Arab Light бағасы барреліне 1,4 долларға төмендейді, нәтижесінде ол Brent-тен 1,5 долларға арзан болады. АҚШ үшін бағалар үшінші ай қатарынан өзгеріссіз қалады, Arab Light бағасының ASCI индексіне үстеме бағасы барреліне $6,35 болады. Тағы бір араб елі – Кувейт биыл кәрі құрлыққа (Еуропаға) дизелдік отын экспортын бес есе арттыратынын айта кету керек. Бұл жайт өз кезегінде Еуропаға Ресейдің басқыншылық саясатына байланысты санкцияның зардабын тартпауға көмектеседі. Дәлірегі, Ресейге деген энергетикалық тәуелділікті мейлінше азайтуға септігін тигізбек. (Желтоқсан айының 5-і күні Батыс тарапынан  мұнай санкциялары күшіне енді: Еуропалық Одақ теңіз арқылы тасымалданатын ресейлік мұнайды қабылдауды тоқтатты, ал G7 елдері, Австралия және ЕО теңіз тасымалы бағасының барреліне 60 доллар деңгейінде белгіледі - үшін бұл шамадан қымбатырақ мұнайды тасымалдауға және сақтандыруға тыйым салды). Бұл жайында Bloomberg іскерлік ақпарат көзі мәлім етеді. «Таяу Шығыс елі 2022 жылдан бастап Еуропаға дизелдік отын жеткізуді бес есеге, яғни, күніне 2,5 миллион тоннаға немесе шамамен 50 000 баррелге дейін ұлғайтуды көздеп отыр... Ол, сондай-ақ, авиациялық жанармай сатуды екі есе ұлғайтып, шамамен 5 миллион тоннаға жеткізгісі келеді», деп айтылған хабарда. Кувейттің Kuwait Petroleum Corporation (KPC) ұлттық мұнай компаниясы авиакеросин жоспары спот-нарықта дизелдік отын түрлері бойынша сауданың кез келген түріне жол бермейді, осылайша Еуропаға нақты жөнелтілетін отын 5 миллион тоннадан асуы мүмкін. Ресейлік құбыр газын жеткізудің күрт қысқаруы аясында Еуропалық одақ құрамындағы елдер 2022 жылы сұйытылған табиғи газды (СТГ) сатып алуды 58%-ға, 101 млн тоннаға дейін ұлғайтты, деп хабарлайды Refinitiv агенттігі. Ал Financial Times ақпарат көзінің жазуынша, сылайша ЕО бұрынғы көшбасшылар – Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяны басып озып, отынның осы түрін ең ірі сатып алушыға айналды. Өткен жылы Еуропаға СТГ импорты 137 миллиард текше метрге тең болды. Бұл көрсеткіш 2021 жылы Ресейден жеткізілетін газ көлеміне жақын (шамамен 140 млрд. текше метр). 2022 жылы олар екі еседен астамға азайып, 60 миллиард текше метрге жетті. Нәтижесінде әлемдік СТГ импортында ЕО 24%, Жапония – 17%, Қытай – 15%, Оңтүстік Корея – 11% үлесін алды. Еуропалық Bruegel орталығының мәліметі бойынша Еуропаның тұтынуындағы сұйытылған газдың үлесі 1,75 есеге, 20-дан 35 пайызға дейін өсті, ал ресейлік газдың үлесі, керісінше, үш есеге жуық, яғни, 40-тан 15 пайызға дейін азайды. Өткен жылы Еуропада сұйытылған табиғи газды сатып алудың артуы және оған бағаның қалыптан тыс болуы Пәкістан, Бангладеш және Таиланд сияқты дамушы елдердің аталмыш отын түріне қол жеткізуін қиындатты. Алғаш рет олар Германиямен және экономикалары өздерінен бірнеше есе үлкен Еуропа елдерімен энергетикалық күрес жүргізуге мәжбүр болды.

0 пікір
Мұрағат