Саудия агрессиясына қарсы Катардың соңғы үмітіне балта шабылды
Саудия агрессиясына қарсы Катардың соңғы үмітіне балта шабылды
6 жыл бұрын 3671 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Терроризмге дем берді деген айыппен бірқатар араб елдері, атап айтқанда, Саудия, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Йемен, Либан, Малдив, Мабритания Катармен арадағы дипломатиялық, экономикалық, т.б. қатынасын үзіп, байкот жариялаған болатын. Аймақ блокадасында қалып қойған осынау шағын араб еліне ең алдымен Саудия тарапынан төніп тұрған қауіптің бетін қайтару үшін қорғанудың түрлі тәсілдеріне жүгінуде. Өз аумағында Түркияның, Францияның әскери базаларын орналастырып қоймай, Солтүстік Атлант әскери альянсына толыққанды мүше болуға өтініш түсірген болатын. НАТО-ның ресми өкілі осы ұйымды құруға атсалысқан АҚШ пен Канада елдерін есепке алмағанда бұл әскери ұйымға тек еуропалық елдердің мүше бола алатынын мәлімдеп, Катардың өтінішін қанағаттандырмай тастады. 

0 пікір
Мұрағат