Сауда соғысы: Қытайдың АҚШ-қа қарсы жауабы қаншалықты әділ
Сауда соғысы: Қытайдың АҚШ-қа қарсы жауабы қаншалықты әділ
7 жыл бұрын 3494 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзара сауда санкциясы екі алып державаның арасындағы жағдайды ушықтырмаса, түземейді. Бұл жайында Ақ үй жанындағы сауда-саттық жөніндегі ұлттық кеңестің директоры, АҚШ президентінің сауда және өнеркәсіп мәселелері бойынша кеңесшісі Питер Наварро CNBS телеарнасының эфирінен мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ тарапы Қытаймен арадағы сауда-саттықтағы теңсіздікті жойғысы келді. Бары - осы. Ал оған көнбеген қытайлар қарымта жауап қайтарып, жағдайды түзеудің орнына ушықтырып отыр. Сондай-ақ, ол тек сауда-саттықтағы теңсіздік қана емес, сонымен қатар, америкалық интеллектуалдық меншікті қытайлардың ұрлауы да екі елдің арасындағы қатынасқа сызат түсіріп отырғанын жеткізді. Әлбетте, АҚШ бұл ұрлыққа көз жұмып, қарап отыра алмайды. Ал қытайлар қайтеді? Бұл тығырықтан шығар жол бар ма? Екі елдің біреуі шегініп жол бермесе, көпірге таласқан екі текенің кебін киіп, екеуі де оңбайды. 

0 пікір
Мұрағат