Сауд Арабиясының королі дүниеден өтті
Сауд Арабиясының королі дүниеден өтті
9 жыл бұрын 3387

Сауд Арабиясының королі Абдулла бин Абдул Азиз әс-Сауд 91 жасқа келіп жарық дүниемен қоштасты, - деп жазады шетелдік БАҚ.

Король Абдулла соңғы кездері көп ауыра бастаған. Оған алғашында пневмония деген диагноз қойылған болатын. Бірнеше рет хирургиялық ота жасатып та үлгерген. Сондай-ақ, тыныс алуы нашарлай бастаған соң ол арнайы тыныс алуға көмектесетін аппарат қолданған.

Ең жасы үлкен монархтардың бірі атанған Абдулла бин Абдул Азиз Сауд Арабиясының алғашқы королі Абдул-Азиз II отбасында дүниеге келді. Ол қызмет жолын Мекке қаласының мэрі болып бастаған. Кейіннен ұлттық гвардия басшысы, премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметтерін де абыроймен атқарды. 1982 жылы мұрагер ханзада атанып, 2005 жылы Фахд деген ағасының қайтыс болуына байланысты өзі таққа отырды.

Енді аталған қайғылы оқиғаға байланысты Абдулла бин Абдул Азиздің орнын басатын, 2012 жылы мұрагер болу құқығына ие болған Салман бин Абдул Азиз әс-Сауд болмақ. 

0 пікір
Мұрағат