Сауд Арабиясында дін істері жөніндегі жаңа басқарма құрылды
Сауд Арабиясында дін істері жөніндегі жаңа басқарма құрылды
1 жыл бұрын 1504 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудияның министрлер кабинеті қасиетті Мекке мен Мәдинадағы қос мешіттің діни істерін қадағалайтын тәуелсіз агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al Arabiya дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған басқарма «Харам мешіті мен Пайғамбар мешітінің дін істері бөлімі» деп аталады және имамдар мен азаншылардың жұмысын үйлестіреді және қадағалайды, сондай-ақ, исі мұсылман үшін киелі орындардағы діни дәрістер, семинарлар мен уағыздар өткізуге жетекшілік етеді. Бұл басқарма қаржылық және әкімішілік жағынан тәуелсіз болмақ, дегенмен, жұмысы тікелей Саудия королімен байланысты. Ол екі қасиетті мешітте қызмет көрсету, техникалық қолдау және құрылыс жұмыстарын ұйымдастырады. Осылайша, киелі орындардағы діни жұмыстар өз алдына бөлек дербес бөлімге бөлініп, жұмыс істеп тұрған бөлім техникалық-экономикалық мәселелермен айналысатын болады.

0 пікір
Мұрағат