|
Сауд Арабиясы қажыларға жеңілдік жасамақ
|
Сауд Арабиясының алдыңғы қатарлы ғалымдар кеңесінің мүшесі, шейх Абдулла әл-Мутлак қасиетті парызын өтегісі келгенімен материалдық жағдайы келмейтіндерге үкімет пен банктерден қарызға қаржы ала тұруына болатынын және қажылық мақсатта қарызға алынған қаржыны ай сайын жалақыдан ұстап қалу жолымен қайтарылатынын мәлімдеді. Ал осы елдің қажылар ісі жөніндегі министрлігі тарапынан арнайы бағдарлама аясында тағы 6000 орын бөлінді. Сонымен қатар, Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі 120 нашақордың биыл осы құзырлы мекеменің қолдауымен қажылық парызын өтейтінін жеткізді. ІІМ-нің және есірткімен күрес жөніндегі ұлттық комитеттің жетекшісі, ханзада Мұхаммед бен Наифтың айтуынша, олардың бәрі оңалту орталығынан емделіп шыққан екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)