Босқындар лагерінен шығып бизнес әлемін мойындатқан мұсылман қыз
Босқындар лагерінен шығып бизнес әлемін мойындатқан мұсылман қыз
10 жыл бұрын 5078 Сахро Хассан

Сахро Хассан – босқындар лагерінен бизнес әлеміне қанат қаққан санаулы ақ жаулықтылардың бірі. 1990-шы жалдар басындағы Сомалидегі азаматтық соғыстан отбасымен бас сауғалап, Кениядағы босқындар лагерінде адам төзгісіз жағдайда өсіп жетілді. Сахроның жасы 10-ға толғанда оның отбасы АҚШ-тың Люьистон шағын қаласына қоныс аударады. Сегіз шиттей бала-шағасы бар Хасанның отбасы алғашқыда бұл елде де қиындық көреді. Әйтсе де, Кениядағы босқындар лагеріндегі күндеріне қарағанда мұндағы өмірі бір қалыпқа түсіп, тіршіліктің ағысына ілесіп, алдағы күндерге ұмтылады. Осыдан сегіз жыл бұрын “hello” («сәлем») деген бірауыз сөзден басқаны білмейтін, бірде-бір тілде жаза да, оқи да алмайтын Сахро алғашқыда аудармашының көмегімен сауатын ашады. Бір жыл өткен соң ағылшын тілінде сөйлей алатын дәрежеге жетеді. Ал оның әкесі автокөлік жүргізуді меңгеріп, супермаркетке жұмысқа тұрады. Сахро болса, өзінің арманына қол созып, киім үлгілерін тігумен айналыса бастайды. Мейн штатында «Болашақтың іскер көшбасшылары» деген атпен конкурста жеңімпаз атанып, бизнес ханымына айналады. Қазіргі уақытта ол киімдер сататын өз дүкендер желісі бар бақуатты бойжеткендердің бірі.

0 пікір
Мұрағат