Сауд Арабиясы доллар монополиясына қарсы алғашқы қадам жасады
Сауд Арабиясы доллар монополиясына қарсы алғашқы қадам жасады
6 ай бұрын 977 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы банктердің трансшекаралық төлемдері мен валюталық операцияларын қолдауға арналған mBridge халықаралық цифрлық платформасына қосылды. Баспасөз мәліметіне сәйкес маусым айының 8-і күні Сауд Арабиясы мен Америка құрама штаттары арасындағы 1974 жылғы 50 жылдық келісімнің мерзімі аяқталды. Аталған келісімде қарастырылған талаптарға сәйкес саудиялықтар ол кезде мұнайды тек америкалықтардың төл ақшасымен сатуға міндеттелді. Енді аталған араб елі көмірсутегін және басқа да ресурстарын тек АҚШ долларымен ғана емес, өзге валютамен де сата алады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзі мен өзге де бұқаралық ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда Сауд Арабиясы мен АҚШ арасындағы мұнай-долларлық пактінің долларды алтынға байланған әлемдік резервтік валюта ретінде тану турасындағы Бреттон-Вудс келісімінен кейінгі Америка саясатының екінші маңызды жетістігі болғанын айта кетпекпіз. Доллардың резервтік валюта ретіндегі мәртебесін сақтау үшін АҚШ билігі саудиялық монархтармен келісіп, саудиялықтарға әскери қорған болу кепілдігін бере отырып, оның қарымтасы ретінде саудиялықтарды мұнайды тек долларға сатуға міндеттеген еді. Осы жылдың ақпан айында Біріккен Араб Әмірлігі мен Қытай mBridge платформасы арқылы цифрлық дирхам мен цифрлық юанды пайдалана отырып, құны 14 миллион доллар болатын бірінші трансшекаралық транзакцияны жүзеге асырғанын, дәлірегі, аталған елдер өзара мәміледе өздерінің ұлттық валютасымен есеп айырысудың алғашқы қадамын жасағанын да айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат