Сатанизмге заңмен тыйым салынады
Сатанизмге заңмен тыйым салынады
1 ай бұрын 1473 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы ел аумағында сатанизмге тыйым салуды қарастыратын заң жобасын әзірлейді. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл хабарды азаматтық қоғамды дамыту, қоғамдық және діни бірлестіктер мәселелеріне қатысты төменге палата комитетінің отырысында депутат Николай Бурляев жеткізді. Оның айтуынша, батыстын енген, адами құндылықтарға қайшы жат мәдениеттің тағы бір көрінісіне соққы беретін аталмыш заң жобасы 10 күн ішінде дайын болады. Негізі мемдума сатанизмді экстрермистік қозғалыс деп танып, заң жүзінде тыйым салуды өткен жылдың маусым айында көтерген болатын. Татьяна Буцкая есімді депутат бұл тақырыптағы өз мәлімдемесінде сатанизмді «квадробинг», «фурри» және «териан” секілді субмәдениетке еліктейтінін алға тартқан еді. Осы орайда РФ аумағында желтоқсан айының бас кезінде чайлдфриді насихаттауға заңмен тыйым салынғанын айта кетпекпіз. Перзент сүюден бас тартуға шақырғандарға 5 млн рублге дейін айыппыұл салу қарастырылған.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6