Сарапшылар шоколад дағдарысына қатысты пікір білдірді
Сарапшылар шоколад дағдарысына қатысты пікір білдірді
3 ай бұрын 1123 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Luc Gnago / Reuters

Биылғы жиын-терін науқанында какао өнімі мол болады. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда. Соған қарамастан шоколад дағдарысы еңсерілмейді. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Bloomberg сауалнамасына қатысқан 15 сарапшы мен трейдердің есебі бойынша әлемдік какао өндірісі сұраныстан шамамен 90 000 тоннаға асып түсуі мүмкін. Бұған аталған өнімнің ірі өндірушісі Кот-д'Ивуардағы какао өнімінің жоғары түсімі әсер етпек. Осыған байланысты жаһандық жылыну, яғни, климат өзгерісі басты себеп болған шоколад дағдарысы баяулайды, алайда, біржола еңсерілмейді. Өйткені, какаоның қоры он жыл ішінде ең төменгі деңгейде қалып отыр. Сондықтан какао бағасы көп төмен түсе қоймайды. Оның үстіне, құрылымдық мәселелер жағдайды қиындатып отыр. Бұған ауыл шаруашылық өсімдіктері арасында таралған аурулар, африкалық фермерлердің салыстырмалы түрде төмен жалақысы және заңсыз алтын өндіру үшін ауылшаруашылық жерлерін көлденең көк аттағы сату секілді түрлі себептер әсер етпек. Мұның бәрі өндірісті қалпына келтіру ісін кейінгі шегеруде. Осы үрдіске байланысты Ghana Cocoa Marketing Company UK Ltd компаниясының жетекшісі Фуад Мұхаммед Әбубәкір әлем тарапынан сұраныс көп төмендемесе де өнімді тұтыну мөлшерінің кемитінін алға тартып отыр. Сөз орайы келгенде какао өндіретін тағы бір ел – Африка құрлығындағы Гана мемлекет контрабанданың кесірінен 2023-2024 жылдар маусымында какаоның 160 мыңға тарта тоннасынан айырылып қалғанын айта кетпекпіз.

Ұқсас материалдар:

«Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді» (https://islam.kz/kk/news/alem/shokoladtyn-jahandyq-qoryna-qauip-tondi-20176/#gsc.tab=0);

«Еуропада мыңдаған тонна кофе мен какаоға жойылу қатері төніп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/europada-myndagan-tonna-kofe-men-kakaoga-joiylu-qateri-tonip-tur-19482/#gsc.tab=0);

«Араб жерінде тұңғыш рет какао өсірілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/arab-jerinde-tungysh-ret-kakao-osirildi-14484/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат