Сақалды қыруға қатаң тыйым салынды
Сақалды қыруға қатаң тыйым салынды
3 жыл бұрын 2840 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан билігін қолына алған тәліптер радикалды қозғалысы (Қазақстанда және әлемнің көптеген елдінде қызметі мен насихатына қатаң тыйым салынған - ред.) ауған ер-азаматтарына сақалын қыруға әрі барбершопқа (шашты сәндейтін, белгілі бір стилмен қысқартатын шаштараз) баруына қатаң тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы Ettelaat ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш шектеу туралы жарлық Ауғанстанның оңтүстігінде орын тепкен Гилменд, Бағлан, т.б. провинцияларында және Қандағарда қолданысқа енді. Бір қызығы, мұндай тыйым салынғаны туралы хабарды тәліптердің мәдениетке жауапты тұлғалары таратып отыр. Осылайша сақал өсіруді эстетикалық санатқа жатқызып, мәдениетке жауапты орындарға тапсырған. Бұдан бөлек, осыдан бірер күн бұрын тәліптер Қандағарда музыкаға тыйым салып, артынан бұл шектеу күллі ауған аумағына тараған болатын. 

Ұқсас материал:

"Тәліптер келіп еді, паранджаның бағасы шарықтап кетті" (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-kelip-edi-parandjanyn-bagasy-sharyqtap-ketti-15629/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат