Санкция астында отырса да Иранның сыртқы қарызы күллі Таяу шығыс пен Орта Азия елдерінің қарызынан аз
Санкция астында отырса да Иранның сыртқы қарызы күллі Таяу шығыс пен Орта Азия елдерінің қарызынан аз
2 жыл бұрын 2026 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) «Таяу Шығыс және Орталық Азия (ME&CA) аймағына» арналған соңғы аймақтық экономикалық болжамында Иранның аймақтағы елдер арасында сыртқы қарызы ең төмен ел екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада әлемнен оқшауланып, экономикалық және қаржылық шектеу енгізілгеннен кейін сыртқы қарызы аз деп ойлау жаңсақ. Бұған ең алдымен Шиғалар елінің ядролық бағдарламасына байланысты санкциядан шығу үшін экономикасын мейлінше әртараптандыру әрі тау-кен өнеркәсібі мен дәстүрлі экономикасын (ежелден қалыптасқан қолөнер бұйымдары мен өзге де ата кәсібін жандандыру), сондай-ақ, мұнай шикізатын сатудың түрлі нұсқаларын іздестіру арқылы қол жеткізіп отыр. Бұдан бөлек, Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы зор су жолдарына ие болу, айлақтар инфрақұрылымын дамыту секілді факторлар да ел экономикасының кері кетпеуіне өз септігін тигізіп отыр. ХВҚ өз есебінде Иранның сыртқы қарызының жалпы ішкі өніміне (ЖІӨ) қатынасын 0,5 пайыз, деп бағалады. ХВҚ мәліметі бойынша аймақ елдері арасындағы сыртқы қарыздың жалпы ішкі өнімге орташа қатынасы 35,8 пайызды, ал мұнай экспорттаушы елдер үшін 30,9 пайызды құрайды. ХВҚ дерегіне сәйкес Бахрейн аймақтағы ең көп сыртқы қарызға ие болды; Бахрейннің сыртқы қарызының жалпы ішкі өнімге қатынасы биыл 207,3 пайызды құрады. Екінші орында 189,4 пайыздық көрсеткішпен Судан, үшінші орында 134 пайыздық көрсеткішпен Катар тұр. Беделді халықаралық дереккөздердің мәліметінше, Иран сыртқы қарыздың ішкі жалпы өнімге қатынасы бойынша әлемде жетінші орынға шыққан. Орта Азия елдері туралы осыны айтуға болады.

Ұқсас материалдар:

«Иран экономикасы 21-ші орынға көтерілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/iran-ekonomikasy-21-shi-orynga-koterildi-17554/#gsc.tab=0);

«Әлемнің 65 еліне шафран экспорттайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemnin-65-eline-shafran-eksporttaidy-17537/#gsc.tab=0);

"Декоративті (сәндік) тасты өндіруде көш басынан көрінген ел" (https://islam.kz/kk/news/alem/dekorativti-sandik-tasty-ondirude-kosh-basynan-koringen-el-12047/#gsc.tab=0);

"Сән үшін ұсталатын балық экспорты бойынша шиғалар елі алға шығып келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/san-ushin-ustalatyn-balyq-eksporty-boiynsha-shigalar-eli-alga-shygyp-keledi-13951/#gsc.tab=0);

"Қолдан тоқылған кілемнің өзінен қыруар табыс тапқан ел" https://islam.kz/kk/news/alem/qoldan-toqylgan-kilemnin-ozinen-qyruar-tabys-tapqan-el-14571/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат