S& P 500 компаниясының әрбір төртіншісі 2030 жылға қарай Bitcoin ұстайтын болады
|

S&P 500 (қоржынына ең көп капитал жиналған, Америка құрама штаттарының қор биржаларында сатылатын жария компаниялардың таңдалған 500 [1] 503 акциясы енгізілген қор индексі. Тізім Standard & Poor's компаниясына тиесілі және өзі құрастырады. Индекс 1957 жылғы 4 наурыздан бастап жарияланып келеді) құрамына кіргізілген компаниялардың шамамен төрттен бірі 2030 жылға таман криптовалютаға инвестиция құятын болады. Бұл жайында islam.kz порталы block-chain24.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңдаулы компаниялардың әрбр төртіншісі өз балансында криптовалютаны ұзақ мерзімді актив ретінде ұстайтын болады. Architect Partners сарапшысы Эллиот Чан мұндай өзгеріске ең алдымен криптовалютамен түсетін пайданың әсер еететінін алға тартып отыр. BitcoinTreasuries.NET.NET. дерегі бойынша Strategy (MSTR) — ең жария 89 компанияның ішіндегі қазіргі уақытта өз балансында биткоин ұстайтын ірі компания. Мұндай компаниялардыңң қатарын тағы біреуі толықтыруы мүмкін: бірер күн бұрын GameStop биткоинның алғашқы партиясын саты алу үшін 1,3 млрд доллар сомаға айырбасталатын құнды қағаздарды орналастырды. Tesla және Block - S&P 500 индексіндегі биткоинге ие бірден-бір компаниялар. Бірер жылдан соң тағы 123 компания биткоинге инвестиция құятын болады.




