Салықтан жалтаратын (жылыстайтын) жаһандық капитал мөлшері айтылды
Салықтан жалтаратын (жылыстайтын) жаһандық капитал мөлшері айтылды
11 ай бұрын 1068 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы уақытқа дейін әлемнің 45 елі табысқа салынатын ең аз мөлшердегі салықты қолданысқа енгізген. Бұл жайында islam.kz порталы daytimenews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.Ең аз тиімді мөлшерлемемен (15%) жаһандық корпоративтік табыс салығын енгізу өз кезегінде капиталдың жылыстауын екі есе қысқартады, сондай-ақ, әлемде корпоративтік салықтардан түсетін фискалдық кірістерді 6,5-8,1%-ға арттырады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшылары «Жаһандық салық және трансұлттық корпорациялардың пайдасына салық салу» баяндамасында осындай болжам келтіріпті. ЭЫДҰ әзірлеген және аталған қауымдастыққа мүше елдердің көпшілігі мақұлдаған 2-баған механизмі 2024 жылдың  қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енді. 2017-2020 жылдар аралығында Халықаралық компаниялар тобы (IGCs) жыл сайын орта есеппен 698,4 миллиард доллар табысын өз юрисдикцияларынан тыс жерге ауыстыратын, яғни, жасыратын. ЭЫДҰ сарапшылары жаһандық салықты енгізу арқылы бұл көрсеткіш жылына 356,4 миллиард долларға немесе 51%-ға азаятынын болжап отыр.

0 пікір
Мұрағат