Роботтар адамдарды ауыстырмақ
Роботтар адамдарды ауыстырмақ
10 жыл бұрын 5617 aikyn.kz

Бельгия ғалымдары Грекия, Болгария, Польша және Румаыния сияқты еуропалық елдерде таяудағы болашақта жұмыс орындарының бөлінуі мәселелеріне қатысты зерттеу мақаласын жариялады, деп хабарлады Росбалт. 

Зерттеушілер енді жиырма жылдан кейін жұмыс күші бөлінетінін анықтады. Мәселен, менеджер, заңгер, несиелік талдамашы сияқты жұмыстар өзекті болмайды, өйткені оларды роботтар толық ауыстырады.

Ғалымдар дәрігерлер мен әлеуметтік сала қызметкерлерінің уайымдамауына болатындарына сендірді, роботтар олардың қызметтерін тартып алмайды.  Зерттеу авторларының бірі Джеймс Боулз жұмыс орнын сақтап қалу үшін адамдар өздерінің дағдыларын дамытып, жаңа кәсіптерді белсенді игеруге кеңес береді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ғарыш кеңістігін игеруде мұндай машиналар адамдарды ығыстыратыны хабарланған болатын.

0 пікір
Мұрағат