РФ бойынша ең ұзақ жасайтындар қай аймақтан?
РФ бойынша ең ұзақ жасайтындар қай аймақтан?
7 жыл бұрын 3092 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, кеше РФ-ның мұсылман аймақтары ең сау және саламатты қоғам құра білгенін хабарлаған едік.

Росстат мамандары Ресей Федерациясы аумағындағы ең ұзақ жасайтындардың қай аймақта өмір сүретінін анықтады. Белгілі болғандай, бұл жолы да Кавказ аймағы көш бастаған. Нақтырақ айтқанда, РФ-ның басқа өңірлеріне қарағанда Ингушетия мен Дағыстан мұсылман республикаларында ең ұзақ жасайтындардың қарасы көп. Және бұл қалыпты жағдайға айналған. «Известия» мерзімді басылының хабарына қарағанда, 2016 жылы РФ-да орташа өмір сүру ұзақтығы 71,87 жасқа жеткен. Тарқатып айтқанда, әйелдер арасында бұл көрсеткіш 77, ал ер-азаматтар арасында 66,5 жасты құраған. Біз сөз етіп отырған Кавказ аймағында орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасты құрайды. Атап айтқанда, Ингушетияда - 80,8 жас. Бұл елде ер-азаматтарға қарағанда әйелдер ұзақ жасайды. Одан кейінгі орында Дағыстан жайғасқан - 77,2 жас, үшінші орынды Мәскеу тұрғындары тұйықтаған - 77 жас. Росстаттың мәліметі бойынша бұл аймақта орташа өмір сүру ұзақтығы 2015 жылы бі жарым жасқа артқан. Ал өмір сүру ұзақтығы кем аймақтарға келсек, Тыва республикасы - 64,2 жас, Чукот автонмиялық округы - 64,4 жас, Еврей автономды облысы - 65,8 жас. 

0 пікір
Мұрағат