Ресейдің исламға ниетін әйгілейтін заң қабылданды
Ресейдің исламға ниетін әйгілейтін заң қабылданды
5 ай бұрын 899 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясында орыс православие шіркеуінің бастамасымен әзірленген діни меншікті жекешелендіруден қорғау туралы заң қабылданды. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып  мәлім етеді. Аталмыш құжатқа мемлекет басшысы қол қойды және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.  Ол мемлекет немесе қала меншігіне жататын діни мақсаттағы мүлікті жекешелендіруге тікелей тыйым салуды қарастырады. Бұдан бөлек, 2010 жылдың желтоқсан айының 14-і күнгі «Мемлекеттік немесе муниципалдық мүлікті діни ұйымдарға діни мақсатта беру туралы» федералдық заң күшіне енген кезден бастап жасалған діни объектілерді жекешелендіру мәмілелері жарамсыз болып қалды. РФ билігі осылайша Еуропа мен Америка құрама штаттарында соңғы жылдары кеңінен таралған, жергілікті билік өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын немесе ақтамайтын, қаңырап қалған шіркеулерді сатуды ұйғаратын тәжірибеге жол бермеуді көздейді. Мұндай ғибадат ғимараттары қала әкімшіліктеріне ауыртпалық түсірмесі үшін діни мекемелер сүріледі немесе бәс сауда арқылы сатылады.  Батыс елдерінде бос шіркеулерді  мұсылман жамағаты сатып алып, мешітке айналдыратынын ескерген РФ билігінің ел аумағында мешіттердің жетіспеушілігіне қарамастан осындай қадамға барып отыр.

0 пікір
Мұрағат