|
Ресейдің еңбек нарығындағы өзгеріс: Орта Азия мигранттарын үнділер алмастырады
|
Ресей Федерациясындағы еңбек мигранттарының құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, КСРО ыдырағалы бері ресейлік экономиканың жұмысшы күшін құрап келген өзбек, тәжік және қырғыз мигранттарының орнын бұдан былай үнділер басатын болды. Мұндай деректі Intrud компаниясының негізін қалағандардың бірі әрі атқару директоры Дмитрий Лапшинов мәлімдеді. Бұл сарапшының айтуынша, өзбек азаматтары үшін ресейлік нарықтың тартымдылығы кеміген. Өйткені, қазіргі уақытта Өзбекстан экономикасы өрлеу үстінде: құрылыс жанданып, түрлі жобалар қолға алынып жатқандықтан өзбектердің өзі жұмысшы күшіне зәру бола бастаған. Қырғызстанда да ахуал осыған ұқсас: тіпті, қырғыздың өз азаматтары жетіспей, олар да үнділердің еңбек мигранттарын тартып жатыр. Ал Тәжікстанмен арадағы саяси, күштік құрылымдармен байланысты ахуал тәжік мигранттарын ресейлік экономикаға тарту процедурасы қатаңдатылған. Осы орайда Үндістан жыл сайын өзге елдерге 13 млн еңбек мигрантын аттандырады екен. Үнді мигранттары Таяу Шығыста ең көп шоғырланған.