Ресейді індет жайлап барады
Ресейді індет жайлап барады
10 жыл бұрын 3802 ummet.kz

Ресей елінде ВИЧ жұқпалы ауруымен 986 000-нан аса адам тіркелді. Яғни, бұл елде ВИЧ дерітмен миллионға жуық адам тіркелген. Бұл туралы СПИД-пен күрес және алдын алу жөніндегі федералды ғылыми-медициналық орталық басшысы В.Покровскийдың баспасөз мәслихатында мәлім болды.

«ВИЧ жұқпалы дертімен тіркелген ресейліктердің 2015 жылғы 1 қарашадағы ресми саны 986 657 адамды құрады» делінген орталықтың «Интерфакс» кеңсесінде жарияланған мәлімдемесінде.

 Аталмыш құжатта көрсетілген 1987 жылдан есепке алынған ВИЧ тарихында әр жылдары түрлі жағдайда 205 538 адам өлім құшқан. Оның ішінде 20 612 адам 2015 жылы көз жұмды. «Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16,6%-ға көбейген» делінген құжат мәтінінде.

СПИД-пен күрес және алдын алу ғылыми-медициналық орталығы деректеріне сүйенсек, 2015 жылдың 10 айы ішінде аймақтардағы медициналық орталықтарға 73 777 адам ВИЧ бойынша тіркелген. Бұл да 2014 жылғы деректермен салыстырса, аты жаман дертке шалдығушы ресейліктердің 12%-ға артқанын көрсетеді. 

 

0 пікір
Мұрағат