Ел іші: Балабақша ғимаратының терезесінен бүлдіршін құлап түсті (видео)
Ел іші: Балабақша ғимаратының терезесінен бүлдіршін құлап түсті (видео)
8 жыл бұрын 3373

Батыс Қазақстан облысында балабақша ғимаратының терезесінен бүлдіршін құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews TV

Видео сипаттамасында оқиғаның Батыс Қазақстан облысындағы Зашаған кентінде болғаны айтылады. Редакцияға келіп түскен видеода баланың екінші қабаттан құлап түскені бейнеленген. Бала бетон төселген жерге құлап, ғимаратқа кірер есікке қарай ауырсына еңбектейді. Бірер уақыттан өткенде оған ер адам көмекке келеді. Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр.

БҚО-да терезесінен бүлдіршін құлап түскен балабақшаның директоры мен қызметкерлері жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұл туралыTengrinews TV тілшісіне Орал қаласының білім беру басқармасының басшысының орынбасары Батиқа Пайдина айтып берді. 

Оның айтуынша, оқиға болған күні бүлдіршін балабақшада болғысы келмей, бұзық болған, ішінің ауырғанын айтқан. Таңғы ас ішкеннен кейін баланы тәрбиешінің көмекшісімен бірге қалдыру туралы шешім қабылданған. Көмекші бөлмені реттеп жатқанда 4 жасар Арнұр терезені ашып, секіріп кеткен.

 

0 пікір
Мұрағат