Ресейден тағы бір әлемдегі ең ірі жоба айналып өтпек: саяси астары бар ма немесе таза экономикалық мүдде ме
Ресейден тағы бір әлемдегі ең ірі жоба айналып өтпек: саяси астары бар ма немесе таза экономикалық мүдде ме
7 жыл бұрын 7606 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай астанасынан Мәскеу қаласы арқылы Берлинге дейін тартылуы тиіс "Еуроазия" теміржол желісі жобасын қытайлардың тиімсіз деп тануы (Қытайдың "Бір белдеу - бір жол" атты тарихи Жібек жолының осы заманғы жаңғырған нұсқасында қарастырылған жобалардың бірі) Ресей Федерациясы билігінің кеудесін басып тастады. Табалаудан аулақпыз, батыс елдерінің алдында амал жоқтықтан одақтасқан екі алып держава ең алдымен өздерінің мүддесін ойлайды. Транзиттік әлеуеті орасан зор қытайлардың бұл жобасының Ресей аумағынан сызылуы Ресейді былайша айтқанда, "май шелпектен" қаққанмен бірдей оқиға болды. Тарқатып айтқанда, Қытай халық республикасының China Railway Eryuan Engineering Group деп аталатын аса ірі теміржол құрылысын жүргізетін компания мамандарының аталған жобаның техникалық және қаржылық жағдайын талдай келе бұл жобаның шығын көп екеніне көз жеткізіп отыр. Яғни, еш саяси астары жоқ, тек таза экономикалық мүддеге негізделген есеп негізінде осындай қорытындыға келіп отыр. CREEC жоба бойынша 9,5 мың шақырымға созылатын магистрал Қытайдан бастау алып, Қазақстан аумағын басып өтіп, Ресей, Белорусия, Полша территориясы арқылы Германияға дейін төселуі тиіс теміржол құрылысы құнын есептеген екен. Бұл бағытта Ресей аумағы бойынша ең қымбат жобаға айналатын түрі бар, яғни, аталған жоба құнының жартысы Ресей аумағынан өтетін теміржол құрылысына кетпек - 9,8 триллион рублді қажет етеді екен. Магистрал өз-өзін ақтауы үшін аталған жоба бойынша тартылған несие ставкасын нөлге түсіруі керек. Пайыздан пайда көріп отырған ешбір ұйым мұндай жобаға ақша құймайтыны белгілі. Бұдан бөлек, бұл құрылысқа Ресей аумағында 27 жыл кетпек, ал ішкі табыс мөлшері бар-жоғы 2,88%-ды құрамақ. Аталған жобаның бастапқы параметрлерін ескерсек, яғни, қаражаттың 60%-ы қарыз түрінде тартқан күннің өзінде бұл жоба ешуақытта өз-өзін ақтамайды. CREEC жылдық ставкасы 5,75% несиені есепке алып отыр - бұл Ресейдегі бизнеске арналған нарықтық деңгейден екі есе төмен көрсеткіш. Бұл жоба екі алып державаның саяси жақындасуына септігін тигізгенімен екі елге де ауыртпалық салатын жоба болайын деп тұр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған жобаны қаржыландыру көздеріне мыналар жатады: Жібек жолы қоры (40 млрд доллары осыдан үш жыл бұрын жиналып қойған), алайда, бұл аралықта қордан 5 жобаға қаржы тартылып қойған. Азия инфрақұрылым инвестиция банкі тек 2 млрд доллар несие беріп отыр. 

0 пікір
Мұрағат