Ресейде тұңғыш рет халал биржа индексі пайда болды
Ресейде тұңғыш рет халал биржа индексі пайда болды
3 жыл бұрын 1413 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мәскеу биржасында Ресей Федерациясы бойынша тұңғыш рет ислами инвестиция индексі пайда болды. Бұл жаңалық Шешенстан астанасында өткен аптада өткен Үшінші ресейлік ислами экономикалық форумы барысында жұртшылыққа құлағдар етілді. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Ислами инвестиция индексі» және «Толық табыс түсіретін ислами инвестиция индексі» шариғат талаптарына сай эмитенттердің құнды қағаздарынан тұрады. Онда ішімдік, доңыз еті саудасымен айналысатын компаниялардың құмар ойын бизнесінің және қызметі алаяқтық пен өсімқорлыққа негізделген ұйымдардың құнды қағаздары болмайды. Халал индекске әзірге ресейлік 15 кәсіпорын қатысып отыр: «Детский мир», «Татнефть», «Норникель», «Лукойл», «Алроса», «Северсталь», Mail.ru, «Мосэнерго», Ресейдің болат құятын металлургия компаниясы (НЛМК), «Новатэк», Ozon, «Фосагро», «Таттелеком», «Юнипро» және «Яндекс». Аталмыш эмитенттердің құнды қағаздарының өтімділік коэффициенті 15%-дан жоғары. Кейін халал индексі Таяу Шығыс елдерінің клиенттеріне де ашық болады.

0 пікір
Мұрағат