|
Ресейде шетелдіктерге суррогаттық ана атануға тыйым салынды
|
Ресей аумағында шетелдіктерге суррогат ана болуға тыйым салды. Тиісті заң жобасын РФ мемлекеттік дума екінші және үшінші оқылымда қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ мемдума спикері Вячеслав Володиннің Telegram-арнасындағы жазбасына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш тыйымның шетелдікпен некеге тұрған Ресей Федерациясы азаматына қатысы жоқ. Сонымен қатар, ата-анасымен немесе жалғызбасты әйелмен келісім жасасқан суррогат анадан туған бала туа Ресей азаматтығын алады. «Бұл шара біздің балаларды сатудың алдын алады, сәбилерді бір жынысты жұптарға беруден немесе қылмыстың құрбаны болудан, соның ішінде ағзаларды сату оқиғаларынан қорғайды», деп айтылған төменгі палата сайтында.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін