Ресейде жала жабуға қатысты қылмыстық қудалау түрін өзгертуді ұсынды
Ресейде жала жабуға қатысты қылмыстық қудалау түрін өзгертуді ұсынды
7 ай бұрын 597 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының жоғарғы соты жала жабуға қатысты қылмыстық қудалау түрін өзгертуді ұсынды. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде РФ-ның құқықтық және соттық ақпарат агенттігіне жөн сілтеген lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жоғарғы сот елдің қылмыстық кодексінің 128.1-бабының 1-тармағын («Жала жабу») жеке-жариялы айыптау санатына жатқызуды ұсынды. Бұл айыпталушы мен сотталушының жәбірленушімен татуласуына мүмкіндік бермейді. Енді заң бойынша 128.1-баптың 1-тармағы жеке айыптау істеріне жатқызылады. Сонымен қатар, жеке айыптау істері бойынша дәлелдеу міндеті жеке айыптаушының өзіне жүктеледі. Жеке-мемлекеттік айыптау шеңберінде дәлелдеуді жоғарғы соттың түсініктемелері бойынша құқық қорғау органдары жүзеге асырады. Жала жабу туралы баптың бірінші тармағын жеке-жария санатына ауыстырудың артықшылығы - жала жабудан зардап шеккен азаматтардың қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қорғалу деңгейін арттырады. Осы орайда РФ мемлекеттік думасының дипфейкті (Дипфейк — жасанды медиаконтент (аудио, сурет немесе видео) жасау технологиясы. Ол үшін тереңірек зерттелген алгортимдер қолданылады) қылмыстық мақсатта қолданғандарға қылмытық жауапкершілік енгізу қарастырылған заң жобасын қолға алғанын айта кетпекпіз. Құжат Қылмыстық кодекстің бірқатар баптарына, соның ішінде жала жабу бабына өзгерістер енгізуді көздейді.

0 пікір
Мұрағат