Ресейде дәстүрлі құндылықтарды тееріске шығаруға заңмен тыйым салынуы мүмкін
Ресейде дәстүрлі құндылықтарды тееріске шығаруға заңмен тыйым салынуы мүмкін
2 ай бұрын 1600 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

«Әділетті Ресей – Ақиқат үшін» фракциясының жетекшісі Сергей Миронов пен фракция басшысының бірінші орынбасары Яна Лантратова мемлекеттік думаға дәстүрлі рухани-өнегелі құндылықтарды жоққа шығаратын ақпаратты балалар арасында таратуға тыйым салатын заң жобасын ұсынады. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ТАСС ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасында «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заңға өзгерістер енгізу, балаларға зиян келтіретін ақпарат түрлерінің тізбесін кеңейту ұсынылады. Мұндай ақпаратқа Ресейдің дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қорлайтын немесе жоққа шығаруға қатысты ақпараттарды қосу ұсынылды. Дәстүрлі құндылықтарға қатысты түсіндірме жазбаға сәйкес адамның қадір-қасиеті, адам құқықтары мен бостандықтары, патриотизм, азаматтық, берік отбасы, гуманизм, ұрпақтардың тарихи жады мен сабақтастығы, Ресей халықтарының бірлігі жатады. 

0 пікір
Мұрағат