Ресейде агрохимикатты шектен тыс пайдаланғандарға айыппұл салынады
|
Ресей Федерациясының аграрлық-азық-түлік және табиғатта пайдалану саясаты жөніндегі комитет жетекшісі Владимир Лебедев шаруалар мен фермерлер үшін агрохимикат ереже талаптарын қатаңдату туралы бастама көтерді. Оның ұсынысы бойынша агрохимикаттарды шектен тыс пайдаланғандарға аса ірі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы ecopravda.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын пестицидті қолдануға қатысты заңнамаға түзету енгізілмек. РФ билігінің мұндай қадамға баруына соңғы жылдары аймақтарда жабайы жануарлар мен құс түрлері қынадай қырылып жатқаны себеп болған. Бұған егістік алқаптарында қолданылатын түрлі химиялық тыңайтқыштар себеп болған. Бүкіл ресейлік аңшылар мен балықшылар қауымдастығы келтірген дерекке қарағанда, жабайы табиғатқа жүздеген миллион залал келген. Бұл залалдың орны толуы үшін бірнеше ондаған жыл кетеді. Табиғатты қорғау прокуратурасының қызметкерлері жануарлар мен құстардың жаппай қырылуына агрохимиялық заттар себеп болғанын растады. Қолданылған пестицидтердің бір бөлігі пестицидтерді қолдануды реттейтін «Сатурн» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізілмеген. Заң шығарушылар «Россельхознадзор»-дың пестицидтер мен агрохимиялық заттар бойынша зерттеулер жүргізу өкілеттігі мен құзыретін кеңейтіп, нәтижелерді Saturm GIS бақылау жүйесі арқылы қадағлауға құқық бермек. Сонымен қатар, бұл тарапта арнайы жасақталған жұмысшы тобы пестицидтерге қатысты ресейлік заңнаманың жетілмегендігіне назар аударды. Нәтижесінде осы мәселе бойынша жаңа заңдар әзірлеу үшін тағы бір топ құрылады.
Ұқсас материалдар:
"Әлемдік тыңайтқыш экспортында мұсылман елдерінің де үлесі бар" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdik-tynaitqysh-eksportynda-musylman-elderinin-de-ulesi-bar-18327/#gsc.tab=0);
"Пестицид өлімге апаратын су патогендерінің таралуына ықпал етеді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/pestitsid-olimge-aparatyn-su-patogenderinin-taraluyna-yqpal-etedi-13891/#gsc.tab=0