Ресей террористер елі ме? - 2
|
Естеріңізде болса, кеше, яғни, Түркия билігі жасаған терроризмге қатысы бар күдіктілер енген "қара тізімінде" ресейліктер алғышқы үштікті тұйықтағанын хабарлаған болатынбыз. Енді мына ақпарат Түркия билігінің "қара тізімініде" ресейліктердің неліктен көп екенін тағы бір мәрте растай түседі. РФ астанасы - бір ғана Мәскеу қаласының өзінде белгілі болған террористік қылмыс 57%-ға дейін бір-ақ шырқап өскен. РФ ішкі істер министрлігінің астаналық бөлімінің жетекшісі Олег Баранов мұндай көрсеткіш қылмысты ашу жұмысы сапасының артқанына байланысты анықталып отырғанын жеткізді. "Экстремистік бағытта жасалған қылмыс саны 28%-ға азайды. Алайда, террористік сипаттағы анықталған қылмыс саны 57%-ға дейін артқан",- деп мойындады. Оның айтуынша, қолға түскендерден отты қарудың 83 бірлігі, 1,5 келіге тарта жарылғыш зат және 7 гранат тәркіленген.