Ресей тәліптер қозғалысын террористік ұйым деп танудан бас тартуға дайын
Ресей тәліптер қозғалысын террористік ұйым деп танудан бас тартуға дайын
5 жыл бұрын 2890 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі аталған ел аумағында қызметі мен насихатына заңмен тыйым салынған тәліптер қозғалысын террористік ұйым ретінде танудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді. Тек бір шартпен: Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі тәліптер қозғалысының мәртебесін қарастырған жағдайда. Бұл жайында ТАСС ақпарат көзі хабар таратты. РФ-ның Ауғанстан жөніндегі арнайы елшісі Зәмір Кабулов мәлім еткендей, дәл қазіргі уақытта тәліптер қозғалысының мәртебесін өзгертуге қажеттілік жоқ, алайда, ұлттық татуласу процесінде тәліптердің мәртебесін қайта қарау қажеттілігі туындайды. Егер тәліптер қозғалысының мәртебесі халықаралық деңгейде қайта қаралып, өзгертілетін болса, аталмыш қозғалысқа қатысты тыйымдар күшін жойып, санкциялар алынып, саяси күш екенін мойындауына тура келеді. Кремль мұндай қадамға не үшін барғалы отыр? Біріншіден, Ауғанстан Шам мен Ирак жерінде ойран салған содырлардың жаңа плацдарыма айналуы бек мүмкін. Яғни, Орта Азия елдеріне, дәлірегі, Түркіменстан мен Тәжікстан аумағына, одан ары Ресейге енетін дәліз болмасы үшін тәліптер қозғалысының мәртебесін өзгертуге мүдделі. Сарапшылардың, соның ішінде Ауғанстандағы Ресей елшісі Александр Мантыцкидің айтуынша, дәл қазіргі уақытта Ауғанстан аумағында 10 мыңға дейін содыр бар. Шам жерінен ауып келген. 

0 пікір
Мұрағат