Ресей Ираннан теріс айналып, Израилге бет бұрды
Ресей Ираннан теріс айналып, Израилге бет бұрды
7 жыл бұрын 4572 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Publico ақпарат көзінде Назанин Арманьян есімді шолушының мақаласы жарық көріпті. Автордың сөзіне сенсек, Ресей Таяу Шығыстағы бағытын өзгертіп, аталған аймақтағы жақын одақтасы (ядролық бағдарламасына байланысты санкция астында қалған мұңдасы десе, дұрысырақ болар) Ираннан теріс айналып, АҚШ-тың жақын одақтасы Израилге бет бұрған. Яғни, Ресей мен Иран арасындағы стратегиялық ынтымақтастық мән-маңызын жоғалта бастаған. Аталған екі елдің "мызғымас" одағының ғұмыры қысқа болатын түрі бар. РФ билігі Таяу Шығыстағы ірі ойыншылардың бірі. Иран да сондай. Алайда, Ресей Ираннан, ливандық "Хезболладан", т.б. Сирия аумағынан кетуді әрі бейбіт келіссөзге бөгет жасамауды талап етуде. Алайда, Иранның және тағы басқа әскери ұйымдардың өз мүддесі болғандықтан Шам жерінен кетпейді. Ресей айтты екен деп. Бұдан бөлек, Иран Сирия аумағында болуға (АҚШ секілді заңсыз келген емес) Сирияның қазіргі заңды деп саналатын Башар Асад бастаған биліктің өзі рұқсат берген ел. Бұған қоса, Ресей билігі Сирия аумағындағы Иранның обьектілеріне әуеден 150 рет соққы берген Израилдің қадамын айыптап, ауыз ашқан да жоқ. Аталған мақала авторы осыларды сараптай келіп, мынадай қорытынды жасаған екен: 

- Башар Асад билігін сақтап қалу (Башар Асад Ресейдің Таяу Шығыста қол жеткізген жетістігі мен жеңісінің сақталуы мен орнығуына кепілдік беретін тұлға ретңнде) мен израилдіктердің Сирияға соққы беруін тоқтату Иранның Шам жерінен кетуіне байланысты болмақ; 

- Парсы шығанағы елдері Шам жерінен ирандықтар кеткеннен кейін Сириямен арадағы дипломатиялық қатынасын жақсартып, соғыстан тас-талқаны шыққан елді қалпына келтіруге атсалысады; 

- Ресей Шам жеріндегі мақсатына қол жеткізді (бұл турасында кезінде айтқанбыз - ред.), осыған байланысты Израил билігі Ресейдің аталған аймақтағы мүддесіне құрметпен қарайтын болады. Тек бір шартпен: ирандықтар Шам жерінен кетсе...

Мақала авторы осылай дей келе ойын былай өрбіткен: "Ресейге Таяу Шығыстың тұрақтылығы керек, ал қазіргі Изриал режимі ең тұрақты саналады. Сол себепті, Ресей билігі Израилге сенім артып отыр". 

Автордың топшылауынша, Кремль Таяу Шығыстағы бұл қадамымен өрескел қателікке жол беріп отыр. Яғни, Иранға қысым көрсету арқылы. (Иранға қысым көрсету арқылы Иранның батыс елдерімен әрі Изралмен қақтығыстың алдын осылайша алмақ). Сондай-ақ, Иранның Шам жерінен өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кете алмайтынын жеткізіпті. Алайда, барлық фактор Иранға қарсы екенін Иран билігі білмей отырған жоқ. Ресейдің қателігі сонда: аталған аймақтағы арасалмақты өзгертуінде. Бұл өз кезегінде неге апарып соқтыратыны белгісіз.

0 пікір
Мұрағат