Ресей әскерилері ақыл-есі кем сириялық бозбаланы атып тастаған әрі мәйітін машинамен басып өткен
Ресей әскерилері ақыл-есі кем сириялық бозбаланы атып тастаған әрі мәйітін машинамен басып өткен
3 жыл бұрын 5027 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сириядағы ресейлік әскерилер 16 жастағы ақыл-есі кем бозбаланы атып тастаған, онымен қоймай, мәйіттің үстінен машинамен өткен. Ресейлік әскерилер оны террорист деп ойлап қалғандарын айтып ақталуда. Алайда, бозбаланың өліміне кінәлі ресейлік әскерилердің, куәгерлердің айтуынша, әрекеті сөзімен қабыспайды. Бұл жайында islam.kz порталы central.asia-news.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дейр-ез-Зор қаласын патрулдеп жүрген кезде ресейлік әскерилер Субихан провинциялық қаланың Жура ауданындағы мешіт маңында Әбдіәзіз Халил Хажар есімді 16 жастағы ақыл-есім кем сириялық бозбаланы желтоқсан айының 9-ы күні атып тастаған. Бұл дерек бұқаралық ақпарат құралдарында енді жарияланып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ресейлік әскерилер бозбаланы танымауы мүмкін емес, өйткені, патрулдеген сайын оны күнде көріп жүр. Екіншіден, ресейлік әскерилер оған «тоқта!» деп бұйрық бергенімен дереу табан астында атып тастаған – бозбаланың бұйрықты орындағанын күтіп жатпастан. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ресейлік әскерилер өзіне тікелей қауіп төнетіндей оған жақын тұрған емес, алыста тұрып атқан. Субихан қаласының тұрғыны Әбдіәзіз Хижаздың айтуынша, негізі бозбаламен тек жақын туған-туыстары ғана тілдесетін, өйткені, онымен тілдесу қиын мүмкіндігінің шектеулі болғанына байланысты. Ол ол ма, егер ресейлік әскерилер оны террорист деп күдіктенсе, неге машинамен үстінен басып өтеді – жанкештілер тағып алатын «ажал белдігі» бар деп күдіктенсе? Ресейлік әскерилер оның «ажал белдігі» жоғаны білген. Сонымен ресейлік әскерилер жергілікті халықты басынып, ойларына келгенін істеп, ойран салып жүре бере ме? Төменде 2019 жылы әлеуметтік желіде жарияланған видеороликте сириялық жергілікті тұрғындар төңіректі патрулдеген ресейлік әскерилерге «Молотов коктейлі» мен тас атып тұрғаны бейнеленген.

 

0 пікір
Мұрағат