|
Раввин Финкель: Құран – Жаратқанның кітабы, Мұхаммед – Алланың Елшісі (ВИДЕО)
|
Раввин Михаил Финкель «Черным по белому» телебағдарламасында Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тұсындағы мұсылмандар мен иудейлердің арасындағы қарым-қатынасты сөз етті. Ол Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) еврейлердің діни бостандығына қол сұқпағандығын айта келіп, сол кездегі мұсылмандар мен иудейлер арасында бейбіт өмірдің орнағанын тілге тиек етті. Осылай дей келе мұсылмандар мен еврейлер арасындағы Пайғамбарымыз (с.а.с.) заманынан бері келе жатқан тату-тәтті бейбіт өмірді еврейлердің өзі бастап бұзғанын да мойындады. Раввин сөзінің соңында Құранның Жаратқан тарапынан түсірілген қасиетті кітап екендігіне және Мұхаммед (с.а.с.) Оның елшісі екендігіне тоқталды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды