|
Қылмыскерді Facebook и Twitter арқылы іздеуге кірісті
|
Пәкістанда Аллаға тіл тигізгендер өлім жазасына кесіледі. Пәкістан билігі Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінің басшылығынан Жаратқанды келеке еткендерді ұстап беруін өтініп, қолқа салды. Айта кетейік, бүгінгі таңда Азия құрлығында орналасқан аталған елде ислам дінін тәлкек еткендерге қатаң жаза қолданылады. Пәкістанның ішкі істер министрі Нисар Әлі Хан осындай ауыр қылмысқа 11 күдіктінің шатылғанын мәлімдеді. Олар тергеліп жатыр. Facebook басшылығы Пәкістани билігіне «жеке өмірге қол сұқпайтынын, пікір еркіндігіне шектеу қоймайтынын, т.б.» айтып, жауап қатты. Ал Twitter әкімшілігі әзірге жауап қайтара қойған жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Азия-Тынық мұхиты аймағының биоэнергетикасы 2035 жылға қарай әлемдік қуаттың 55% -ын қамтамасыз етеді
■
Әлемдегі ірілігі жағынан екінші орындағы жылдам дайындалатын кеспе нарығы мұсылман елінде
■
Христиандар отбасы құндылығына “ауыр” соққы берілгеніне алаңдап отыр
■
Бір еуропалық елдің өзінде мұсылмандар саны ширек ғасырда екі есеге өскен
■
Тағам ішіндегі жеуге жарамды микролазерлер тамақ өнеркәсібін түбегейлі өзгертуге қабілетті