Рамазан айында Парсы шығанағында аптап ыстық орнайды
Рамазан айында Парсы шығанағында аптап ыстық орнайды
8 жыл бұрын 2824 Islam-today

Синоптиктердің болжамы бойынша биыл қасиетті Рамазан айы кезінде Парсы шығанағында аптап ыстық орнайды, дәлірегі, ауа температурасы бұл өлкеде 50 градусқа дейін жетпек. Мұндай ауа температурасы ораза айы бойы сақталатынын да жеткізді мамандар. Ғалымдардың айтуынша, осы шығанақта орын тепкен Сауд Арабиясының кей аудандарында ауа температурасы күндіз 65 гардусқа дейін көтеріледі. Сөз реті келгенде айта кету керек, ең ұзақ оразаны Скандинавия елдерінің, дәлірегі, Дания мен Швеция мұсылмандары ұстайды екен – 21 сағат. Одан кейінгі орында Исландия мен Норвегия тұр – 20 сағат. Ал ең қысқа оразаны Аргентина мен Австралия мұсылмандары ұстайды екен: тәулігіне бар-жоғы 9 жарым сағатқа қана. Ал субконтитентті елдер мен араб мемлекеттерінің мұсылмандары 14-16 сағат ауыз бекітеді.

1 пікір
Мұрағат