Қызметкер өзі қаласа, аптасына 4 күндік жұмыс кестесіне ауыса алады
Қызметкер өзі қаласа, аптасына 4 күндік жұмыс кестесіне ауыса алады
3 жыл бұрын 2106 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Белгия билігі қызметкерге немесе жұмысшыға алып жүрген жалақы мөлшері мен жұмыс сағатын сақтай отырып, аптасына төрт күндік жұмыс кестесіне ауыстыру жөнінде басшысына өтініш білдіруге мүмкіндік беретін еңбек кодексіне жаңа түзету енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де жұмыс беруші қоластындағы қызметкердің немесе жұмысшының бұл өтінішін қанағаттандырмай тастауға құқылы – неліктен мұндай өтінішті орындаудан бас тартқанын түсіндіріп жазбаша түрде бас тарта алады, дегенмен, өтінішті орынды себепсіз орындаудан бас тарта алмайды. Қабылданға жаңа ереже талаптарына сәйкес төрт күндік жұмыс кестесіне көшкен қызметкер немесе жұмысшы бәрібір аптасына 38 сағат жұмыс істеуге міндетті болмақ. Яғни, ол күніне орташа есеппен алғанда 7,6 сағат емес, 9,5 сағат жұмыс істеуіне тура келеді. Бір күндік қосымша демалыс ұзақ жұмыс күндері есебінен «өтеледі». Алдымен аптасына төрт күндік жұмыс кестесіне жарты жылға көшіріп көреді, осы мерзімнен кейін қызметкер қолайлы жұмыс кестесін өзі таңдай алады – бұрынғыша аптасына төрт күн жұмыс істейді немесе бес күндік жұмыс кестесіне ауысады. Яғни, қате таңдау жасаса, оны түзетуіне мүмкіндік беріледі. Белгия премьер-министрі Александр де Кро еңбек саласындағы бұл реформаның түпкі мақсаты мен мәнін адамдарға қолайлы жұмыс кестесін ұсына отырып, өнімді еңбек етуіне жағдай жасауға саятынын мәлімдеді. Бүгінде аталған елде жұмысқа адамдарды көптеп тарту үшін де осындай қадам жасалынып отырғанын жасырмайды: 20-64 жас аралығындағы ел азаматтарының тек 71,4%-ы ғана жұмыс істейді. Бұдан бөлек, мемлекеттік секторда жұмыс істейтіндерді жұмыс уақытынан тыс бастығы мазалай алмайды. Осы орайда мұндай тәжірибе (аптасына төрт күндік жұмыс, күніне 8 сағаттан асырмай) Исландияда 4 жыл қатарынан қолданылғанын айта кетпекпіз. Нәтиесінде еңбек өнімділігі артқан. Бұған қоса, қызметкерлердің немесе жқмысшылардың да денсаулығы жақсарған. Яғни, жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдіктің сақталуына мүмкіндік берген аталмыш тәжірибе. Көп ұзамай аптасына төрт күндік жұмыс кестесіне көшу тәжірибесін Ұлыбритания, Жаңа Зееландия, Испания елдері де қолға алмақ.

Ұқсас материал:

«Араб елі әлемде алғашқы болып жұмыс күнін қысқартты» (https://islam.kz/kk/news/alem/arab-eli-alemde-algashqy-bolyp-jumys-kunin-qysqartty-16143/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат