|
Қытайлық компания әйелдерге басшылықтың рұқсатынсыз бала тууға тыйым салды
|
Қытайдың қаржы компаниясы қарамағындағы нәзік жандыларға басшылық рұқсатынсыз босануға тыйым салды. Бұл жайында nur.kz сайты ВВС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Әлеуметтік желілерде жарияланған компанияның ішкі құжаты фирмада бұрыннан қызмет атқарып келе жатқан, тұрмыс құрған әйелдерге ғана бала тууға рұқсат етеді.
Ал басшылықтың рұқсатынсыз жүкті болған барлық қыз-келіншектерге компания 161 доллар көлемінде айыппұл салып, бұған қоса барлық сыйақы мен мансаптық өсу мүмкіндігінен айырмақ.
Аталған құжат Қытай жұртының арасында үлкен дау туғызды. Мемлекеттік БАҚ компанияның адамгершілікке жатпайтын мұндай әрекетін қатаң сынға алуда. Ал фирманың өзі әзірге бұған қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті