Қытайлардың бойы өсіп келеді...
Қытайлардың бойы өсіп келеді...
3 жыл бұрын 2796 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: XinHua / Globallookpress.com

Қытайдағы ата-аналар соңғы кездері балаларына бойды өсіретін гормон беру үрдіске айналып келеді. Осылайша балаларын кейін ержеткенде немесе бойжеткенде өмір сүруге қабілетті етеді деп сенеді. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post (SCMP) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзінің жазуынша, мұндай тенденцияға бірнеше себеп әсер еткен: балалар бәсекеге қабілетті болып өседі, нәтижесінде халықтың әл-ауқаты жақсарып, қауіпсіз әрі тиімді медицинаға қол жеткізеді. 2003 жылы АҚШ-тың тағам өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын қадағалау жөніндегі басқармасы синтетикалық өсу гормонын пайдалануға рұқсат еткен болатын әрі бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бес жарым жастан бастап оны қабылдаған баланың бойы шамамен бес сантиметрге өскен. Еуропалық нәсілге қарағанда азиялықтардың бойы тапалдау келеді. Мұның өзін олардың өмір сүруге қажетті физиологиялық мүмкіндігіне өз әсерін тигізеді деп санайтындар қарасы артып келеді. Мәселен, Сзианси провинциясында тұратын 11 жастағы Иан Ипиннің бойы орташа көрсеткіштен төмен. Ата-анасы оған бойды өсіретін гормон беріп келеді. Нәтижесінде бір жылдың ішінде оны бойың 11 сантиметрге өсіп, қазіргі уақытта 131 сантиметрге жеткен. Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының есебіне сәйкес 2018 жылы елдегі 11 жастағы қыз балалар бойының өсу көрсеткіші орташа есеппен алғанда 147 сантиметрге жеткен. Бұған қоса, Шанхайдағы балалар медицинасы орталығының дәрігері Уан Сиуминнің айтуынша, ата-аналар аталмыш гормонды тағайындауды сұрап жатады. Өйткені, бойы тапал адамдардың жұмысқа тұруы қиын. Алайда, маман қосымша гормонға мұқтаж емес балалар оны қабылдаса, органимздегі өзге гормондардың тепе-теңдігін бұзып, жанама кері әсерінен денсаулыққа зиян келетінін ескертіп отыр. Шанхай тұрғыны Ненси Лин баласының бойы сұңғақ болса, оның келешекте өз-өзіне сенімділігі артатынын, дәлірегі, комплекстен (өзін қор көруден арылып) ада болатынын алға тартып отыр. Сун Тао есімді фармацевтінің айтуынша, елде кеңінен танымал дәріні ине шаншу арқылы (укол)  қабылдау керек.. Күн сайын. Бұл өз кезегінде баланың қандай да бір инфекциялық ауру жұқтыру қатерін арттырады. Оның үстіне, мұндай дәрінің құны айына 625 долларға дейін жететінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат