Қытайлар аштықпен күресудің тың тәсілін ойлап тапты
|
Қытайда бүкіл елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмегін тигізетін тың тәсілді ұсынып отыр. Атап айтқанда, кермек (тұзды) суға төзімді күріштің тұқымын шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылынудан мұздақтардың қарқынды еруіне байланысты әлемдік мұхит пен теңіз деңгейінің көтерілуі өз кезегінде астыққа деген сұранысты арттырып отыр, бұдан бөлек, жағалаудағы елдердің ауыл шаруашылығына залал келтіруде. Ал қытайлардың бұл тарапта ұсынып отырған тың тәсілі бұл проблеманы едәуір еңсеруге мүмкіндік бермек. Теңіз күріші теңіз маңындағы топырақта өсіріледі. Күріштің жаңа сорты тұз бен сілтіге төзімді жабайы күріштің генін экспрессиялау арқылы алынды. Қытай аумағында күріштің жаңа сорты алдымен Шжынқай ауданында өткен жылы өсіріліп, бір акр жерден 4,6 тонна күріш алынған. Бұл көрсеткіш кәдімшгі біз тұтынып жүрген күріш сортының орташа астықты түсіміне қарағанда әлдеқайда жоғары. Қытай күріштің жаңа сортын тек ел ішіндегі сұранысты қанағаттандыру үшін емес, сонымен қатар, күллі әлемді қамтамасыз етуге пайдаланбақ. Адамзаттың бестен бір бөлігі Қытайда тұрады, астықты азыққа деген сұранысты қанағаттандыру жылдан жылға қиындап барады, өйткені, ел аумағындағы шамамен 100 млн гектар жер сортаң әлі сілтілі болып келеді. Оның үстіне, жыртылатын жер (егістік алқабы) соңғы он жыл бедерінде уранбанизацияға, қоршаған ортаның ластануына, тыңайтқыштың шектен тыс пайдаланылуына байланысты 6 пайызға қысқарған болатын. Міне, осындай себептерге байланысты қытай ғалымдарының бұл жаңалығы тек елдегі емес, әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясын жүзеге асыруға ықпал етпек. Қытайда тұзға төзімді күріш сортын алу бағытындағы жұмыстар бері алғанда өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бері жүргізіліп келеді. Алайда, «теңіз күріші» деген термин бертін келе қалыптасты. Аталмыш ұғымды ауыл шаруашылығы саласындағы көрнекті ғалым Иуан Лунпин 2021 жылдан бастап табандылықпен зерттеп келген еді. Бүгінда аты аталған ғалым өмірде озған. Ол «гибридті күріш атасы» деген атпен тарихта қалды. 1970-ші жылдары ол күріш астығын (түсімін) арттыру жолын тауып, миллиондаған адамды аштықтың азабынан аман алып қалған еді. 2016 жылы ол топырақ құнары мен құрамы әр түрлі алты елде жұмыс істеді. 2020 жылы тұзға төзімді күріш тұқымы арқылы тағы 80 млн адамды асырауға болатынын жаһанға жар салып жария еткен болатын. Сөз соңында орайы келіп тұрғанда айта кету керек, соңғы жылдары адамзат қарасының көбеюі мен климат дағдарысынан әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігіне бұрын-соңды болмаған қатер төнген – тасқан-сел мен құрғақшылық, т.б. табиғи апаттардан бөлек, жердің дегредацияға ұшырауы адамзатты жар жағасына алып келді десек те болады. Міне, осындай себептерге байланысты ғалымдар азық-түлік проблемасын шешу жолдарын жатпай-тұрмай іздестіріп жатыр. Мәселен, Эфиопиядағы негізгі қорек көзі болып табылатын энсет немесе жалған бананды алайық – оның жемісі жеуге жарамсыз, алайда, крахмалға бай сабағы мен тамырын ферменттеп, ботқа мен нан әзірлеуге болады.
Ұқсас материалдар:
«Астық немесе жеміс түсімін арттыратын биометан жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/astyq-nemese-jemis-tusimin-arttyratyn-biometan-jasaldy-16402/#gsc.tab=0);
"ГМО өсімдік климат дағдарысынан құтқарады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/gmo-osimdik-klimat-dagdarysynan-qutqarady-16401/#gsc.tab=0);
"Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-men-azyq-tulikke-suranys-biologiyalyq-turlerdin-tirshilik-etu-ortasyn-80-jyldyn-ishinde-23-ga-taryltady-14378/#gsc.tab=0);
«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);
«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);
«Күріш революциясы» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);
«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0);
«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);
«Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-sudy-unemdeuine-mumkindik-beretin-tyn-tasil-tabyldy-15051/#gsc.tab=0);
"Пісірген кезде канцероген аз бөлінетін бидай өсіріле бастайды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/pisirgen-kezde-kantserogen-az-bolinetin-bidai-osirile-bastaidy-15801/#gsc.tab=0);
«Өсімдікті аз уақыт ішінде қалпына келтірудің әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdikti-az-uaqyt-ishinde-qalpyna-keltirudin-adisi-tabyldy-16416/#gsc.tab=0);
"Өсімдіктің зақымдалған жері қалай қалпына келеді - регенерация тетігі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-zaqymdalgan-jeri-qalai-qalpyna-keledi-regeneratsiya-tetigi-tabyldy-14717/#gsc.tab=0);
«Шегірткені азық етуге ресми рұқсат берілді" (https://islam.kz/kk/news/alem/shegirtkeni-azyq-etuge-resmi-ruqsat-berildi-16428/#gsc.tab=0);
"Өзбекстанда жеуге арналған шегірткелер өсіріле бастады" (https://islam.kz/kk/news/alem/ozbekstanda-jeuge-arnalgan-shegirtkeler-osirile-bastady-15364/#gsc.tab=0);
"Болашақта жәндік адамзаттың негізгі қорегіне айналады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/bolashaqta-jandik-adamzattyn-negizgi-qoregine-ainalady-15802/#gsc.tab=0);
"Еуропалық одақ жәндіктерді тағам ретінде тұтынуды мақұлдауға дайындалып жатыр" (https://islam.kz/kk/news/alem/europalyq-odaq-jandikterdi-tagam-retinde-tutynudy-maquldauga-daiyndalyp-jatyr-13414/#gsc.tab=0);
"Адамзат болашақта балықты түсінде көреді – жаһандық жылынудан балықтар шағылысудан, ұрпақ өрбітуден қалады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzat-bolashaqta-balyqty-tusinde-koredi-jahandyq-jylynudan-balyqtar-shagylysudan-urpaq-orbituden-qalady-14334/#gsc.tab=0