Қытайға мұсылман елінен 629 кедей бойжеткен қалыңдық ретінде сатылған
Қытайға мұсылман елінен 629 кедей бойжеткен қалыңдық ретінде сатылған
5 жыл бұрын 2870 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2018 жыл басынан бері пәкістандық 600-ден аса бойжеткен қытайларға қалыңдық ретінде сатылған. Бұл жайында Associated Press ақпарат көзі хабар таратты. Бұл тек белгілісі ғана. Аталмыш ақпарат агенттігінің қолында бар дерек бойынша 629 пәкістандық бойжеткен адам саудасымен айналысатындардың құрбаны болған. Бұл қылмысты пәкістандық полиция қызметкерлері істегені белгілі болды. Жоғары жақтан қысымға ұшырағандықтан осындай адам саудасына атсалысқан. Қытаймен арадағы қатынасқа сызат түспесі үшін. Бір қызығы, 2019 жылдың қазан айында Пәкістан соты адам саудасымен айналысқаны үшін айыпталған 30-дан аса Қытай азаматын ақтап шығарған. Қытай тарапы ел экономикасына инвестиция құйып отырған ел. Екі ел арасында бірнеше жүз млрд долларға бағаланған экономикалық мәмілелер үшін Пәкістан билігі қытайлардың заңсыз әрекеттеріне көз жұма қарап отыр. Қытайдағы гендерлік диспропорциядан, яғни, ерлер мен әйелдер саны арасындағы алшақтықтан қытай ерлеріне қалыңдық табу қиын. Адам саудасымен айналысатындар осы теңсіздікті пайдаланып, сауда көрігін қыздырып отыр. Демографтардың болжамы бойынша келесі жылы 32 млн қытай еркегіне әйел жетіспейді. Қыз көтергендер түсік жасатып, жасанды жолмен алдырып тастайды. Шығыс менталитетіне сай қытайлар да ер балаларға артықшылық беретіндіктен осындай теңсіздік орын алып отыр. 

0 пікір
Мұрағат