Елімізде жыл сайын 1 мыңға жуық ата-ана өз құқығынан айырылады
Елімізде жыл сайын 1 мыңға жуық ата-ана өз құқығынан айырылады
8 ай бұрын 701

Жыл сайын Қазақстанда өз міндетін тиісті деңгейде атқармаған 1 мыңға жуық ата-ана өз құқығынан айырылады. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция басқармасының басшысы Әсет Оспанов мәлім етті, деп жазады ernur.kz порталы Елорда Инфо ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

«Ата-аналық құқықтан айыру, бір күндік жұмыс емес. Ол ұзақ процесс. Ал не себептен оларды құқығынан айырады десек? Өз міндеттерін дұрыс өтемегендіктен. Яғни, олар баланың тәрбиесімен айналыспайды, балаға немесе жасөспірімге отбасында қысым және зорлық-зомбылық көрсетіледі, баланың ата-анасы ішімдік қолданады және тағы басқа. Осы аталған теріс әрекеттердің барлығы баланың дұрыс дамуына кері әсерін тигізеді. Осының салдарынан жыл сайын Қазақстанда 1000-ға жуық ата-ана өз құқықтарынан айырылады» - деді Ә.Оспанов

ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар, басқарма басшысы ата-ана құқығынан айыру процесінің қалай жүзеге асырылатыныны туралы айтып берді.

«Біз алдымен өз міндетін дұрыс өтемеген ата-аналарды есепқе қоямыз. Содан соң ол отбасымен профилактикалық жұмыс жасаймыз, олардың тұратын үй жайы тексеріледі. Тиісті жұмыстардан соң олармен жеке әңгімелесіп, ата-аналарға нұсқаулық беріледі. Келесі кезең 127 бап бойынша (ата-аналық міндетін орындамау) әкімшілік жазаға тартылады. Егер жоғары аталған жұмыстардан нәтиже шықпаса, ол отбасының мәселесі арнайы комиссияда қаралып, комиссия шешімінің нәтижесінде ата-ана өз құқығынан айырылады», - деді ол.

0 пікір
Мұрағат