Қытайдың жасанды зердесі тұтас Оңтүстік Кореядан да көп суды тұтынатын болады
Қытайдың жасанды зердесі тұтас Оңтүстік Кореядан да көп суды тұтынатын болады
8 ай бұрын 644 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерде (AI) үлгілерін үйрету және іске қосу - жылу үшін энергияның орасан зор мөлшерін қажет ететін міндет. Деректер орталықтары қызып кетпеуі үшін инженерлер құрал-жабдықты салқындатуға судың көп мөлшерін пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. China Water Risk коммерциялық емес ұйымының мәліметі бойынша Қытай жақын арада деректер орталықтарында шамамен 343 миллиард галлон суды тұтынады, бұл көрсеткіш 26 миллион адамның тұрмыстық суды пайдалану шамасына тең. Енді бірер жылдан соң, дәлірегі, 2030 жылға таман бұл шама 792 миллиард галлонға дейін көтерілуі мүмкін, бұл көрсеткіш Оңтүстік Кореяның бүкіл халқының қажеттіліктерін қанағаттандыруға кететін су мөлшері. Жасанды зерденің өркендеуінен Америка құрама штаттары судың орасан зор мөлшерін пайдаланған. Өткен жылы зерттеушілер Microsoft-пен серіктес OpenAI технологиялық компаниясының тек GPT-3-ті оқыту үшін 185 000 галлон суды пайдаланғанын анықтады. Бұл су мөлшері ядролық реакторды салқындатуға кететін шама. Сондай-ақ, Google өзінің 2023 жылғы экологиялық есебінде компанияның 2022 жылы 5,6 миллиард галлон су пайдаланғанын мойындады. AI чат-боттары интернеттен ақпарат іздеудің әдеттегі әдістеріне қарағанда энергияны көп қажет етеді, өйткені, олар электр қуатын көп тұтынатын арнайы чиптермен жұмыс істейді. China Water Risk есебіне сәйкес, егер 100 миллион пайдаланушы ChatGPT чат-ботымен байланысса, жабдықты салқындату үшін 20 олимпиадалық бассейн қажет болады. Су ресурсы тапшы әлемнің көптеген елінде суды АІ үшін пайдаланудың арты жойқын зардаптарға әкелуі мүмкін. 

 

0 пікір
Мұрағат