Қытайдың 13 жылда дамушы елдерге берген несие мөлшері белгілі болды
Қытайдың 13 жылда дамушы елдерге берген несие мөлшері белгілі болды
2 жыл бұрын 1350 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2008-2021 жылдар аралығында Қытай халық республикасы  әлемнің 22 дамушы еліне ұзын саны 240 млрд доллар несие бергені белгілі болды. Осы қаражаттың 104 млрд-ы 2016 жылдан кейін берілген. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүкіл әлемдік банк, Гарвард Кеннеди мектебі, AidData және Кили университетінің дүниежүзілік институтының есебіне сәйкес 2016 жылдан бері дамушы елдерге берілетін несие мөлшерінің артуына 2013 жылы жарияланған Қытайдың «Бір белдеу және бір жол» жаһандық бастамасы себеп болған, дәлірегі, осы жоба аясында қолға алынған инфрақұрылымның дамуы үшін бұрын бөлінген несиелердің өзін-өзі ақтау, яғни, орта жолдан тоқтап қалмау қажеттілігінен туындағанын жатқызып отыр. 2016 жылдан 2021 жылға дейін берілген құтқару несиелерінің 80%-ға жуығы табысы төмен және орташа елдерге, соның ішінде Аргентина, Моңғолия және Пәкістанға жіберілді. Бұған қоса, Қытай қазіргі уақытта Замбия, Гана және Шри-Ланка сияқты бірқатар елдермен қарызды қайта құрылымдау бойынша келіссөздер жүргізуде. «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында 2013 жылдан бері беріле бастаған несиеден Қытай айтарлықтай пайда көрген емес. Дамушы елдердегі жең ұшынан жалғасқан сыйбайлас жемқорлықтан, экологиялық проблемалардан, т.б. Жарқын мысалдардың қатарына Черногориядағы Бар айлағынан Сербияның оңтүстік шекарасына дейін құны 1 миллиард долларды құрайтын жол аяқталмады, пайдасы тимегенХамбантота айлығы (2017 жылы Қытайға 99 жылға жалға берілді) және Шри-Ланкадағы Lotus теле-мұнарасы 2022 жылы дефолтқа ұшырады.

Ұқсас материалдар:

"Қытай мен Халықаралық валюта қорының несие беру саясатындағы айырмашылық немесе дамушы елдер несиені ХВҚ-нан емес, Қытайдан алғанды жөн көреді" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-men-halyqaralyq-valyuta-qorynyn-nesie-beru-sayasatyndagy-aiyrmashylyq-nemese-damushy-elder-nesieni-hvq-nan-emes-qytaidan-a-15500/#gsc.tab=0);

"Қытай дамушы елдерге қарызды құпия шарттармен берген" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-damushy-elderge-qaryzdy-qupiya-sharttarmen-bergen-15041/#gsc.tab=0);

"Бір белдеу - бір жол" жобасына бәсекелес бастама» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-beldeu-bir-jol-jobasyna-basekeles-bastama-10638/#gsc.tab=0);

«Қытайдың трансұлттық жобасы Қытайдың өз басын жұтуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-transulttyq-jobasy-qytaidyn-oz-basyn-jutuy-mumkin-11890/#gsc.tab=0);

"Бір белдеу - бір жол": жаһандық жоба алғаш рет ашық соққы алды» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-beldeu-bir-jol-jahandyq-joba-algash-ret-ashyq-soqqy-aldy-10723/#gsc.tab=0);

«Сарапшылар: "Бір белдеу - бір жол" - Қытай қақпаны» (https://islam.kz/kk/news/alem/sarapshylar-bir-beldeu-bir-jol-qytai-qaqpany-10632/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат