Қытайдағы соңғы ірі мешіт ислами сәулетінен айырылды
|
Қытайдағы соңғы ірі мешіт ислам сәулетіне тән келбетінен айырылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Guardian ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайландыру саясатының науқанынан күмбезі жоғалып, мұнаралары түбегейлі өзгеріске ұшырады. Аталған елдің оңтүстік-батысында орын тепкен Иунан провинциясының Шадиан үлкен мешіті Қытайдағы ең ауқымды әрі еңселі ғибадат ғимараты болатын. Өткен жылға дейін аумағы атшаптырым, дәлірегі, 21 000 шаршы метрді алып жатқан мұсылмандардың құлшылық үйі көк тіреген мұнаралармен және төрт кішірек күмбезбен қоршалған жарты ай бейнеленген тақтайшалы, жасыл күмбезді кешен болатын. Биылғы фотосуреттер, спутниктен таспаға тартылған суреттер күмбездің қытай үлгісіндегі шатырға алмастырылғанын, ал мұнаралардың биіктігі қысқарғанын көрсетіп берді. Бұдан бөлек, Иунан провинциясының тағы бір көрнекті мешіті, Шадианнан 100 мил қашықтықта орналасқан Нажин құлшылық үйі де де жақында жөндеу жұмыстары кезінде ислами ерекшеліктерін жоғалтты.
Ұқсас материалдар:
«Тағы бір мешіт ислами сәулетінен айырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-meshit-islami-sauletinen-aiyryldy-19179/#gsc.tab=0);
«Бейжіңдегі үлкен мешітке социалистік ұран ілінді» (https://islam.kz/kk/news/alem/beijindegi-ulken-meshitke-sotsialistik-uran-ilindi-19078/#gsc.tab=0);
«Қытайда тағы бір мұсылмандардың құлшылық үйінің күмбезі мен мұнарасы жойылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaida-tagy-bir-musylmandardyn-qulshylyq-uiinin-kumbezi-men-munarasy-joiyldy-18994/#gsc.tab=0);
«Қытай мешіттері Будда пұтханасына ұқсап барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-meshitteri-budda-puthanasyna-uqsap-barady-18894/#gsc.tab=0);
«Тағы бір мешіт «бірегейлендіру» саясатының құрбанына айналмақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-meshit-biregeilendiru-sayasatynyn-qurbanyna-ainalmaq-17387/#gsc.tab=0);
«Мешітке ту ілуді міндеттейді» (https://islam.kz/kk/news/alem/meshitke-tu-iludi-mindetteidi-10235/#gsc.tab=0)