Қытайда өлім жазасы тағайындалатын пара көлемі бекітілді
|
Қытай билігі өлім жазасына кесуге апаратын пара көлемін бекітті, - деп хабарлайды «tengrinews.kz» порталы "Синхуа" агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, дүйсенбіде Қытайдың Жоғарғы халық соты мен Жоғарғы халық прокуратурасы біріккен қаулыны жария етті. Бұл құжатқа сәйкес, ендігіде өлім жазасы 460 мың доллардан аса пара алған жемқорларға беріледі.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кең көлемдегі кампания 2012 жылы ҚХР төрағасы қызметіне Си Цзинпин келген кезде басталған еді. Содан бері мыңдаған шенеунік партия тәртібін бұзғаны үшін және жемқорлық жасағаны үшін жазаланды. РИА Новости агенттігінің мәліметінше, биылғы қаңтар айында 5 459 шенеунік жазаланған. Комиссияның мәліметінше, 2015 жылы партия тәртібін бұзған түрлі деңгейдегі 50 мың шенеунік жазаға кесілген.