|
Қытайда имамдарды мәжбүрлеп билетті
|
Синьцзян-Ұйғыр ауданында көшенің қақ ортасында имамдарды мәжбүрлеп билетіп, оларды балаларды дінге үйретпейтіні жөнінде уәде беруге көндірді. Бұл жайында World Bulletin ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, ең сорақысы, жалақы Алладан емес, компартия тарапынан беріліп отырғанын «мойындатты». Артынан олардың кейбіреуіне Қытай байрағын ұстатты. Осы шара барысында сөз алған шенеуніктер жастарды діннен алшақ болуға үндеп, намаз оқудың денсаулыққа зиян келтіретінін, ал бидің денсаулыққа пайдалы екенін насихаттады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркия жұмыс іздеген шетелдіктер үшін ресми сайт ашады
■
2025 жылы шетелдік меймандар саны бойынша жаһандық рейтингте Мекке 5-ші орынға, ал Мәдина 7-ші орынға шақты
■
Израилдің ықпалымен Америка құрама штаттарының Иранға қарсы әскери операциясы сәтсіздікке ұшырады
■
Қытай энергетикалық қауіпсіздігін арттыру үшін көмірді газға айналдыруға күш сала бастады
■
Әлемде алғаш рет жасанды зердемен жабдықталған сұйық робот әзірленді (видео)