Қытайда чат-боттарға эмоциясын білдіруге тыйым салады
Қытайда чат-боттарға эмоциясын білдіруге тыйым салады
16 сағат бұрын 158 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жасанды зердені әр ел өзінің саяси идеологиясы мен мәдени құндылығына қарай пайдалануды ұйғарады. Бұл жайында islam.kz порталы habr.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, батыста ең алдымен технологияны адам құқығына қол сұғу үшін пайдаланбауына баса назар аударылса, Қытайда мемлекет тірегі саналатын жүйеге қарсы контент түрінде көрініс беруіне тыйым салады (қараңыз: Қытай билігі цензураның жаңа түріне көшеді: жасанды зердені «бақылап-аңду» тетігін іске қосып жатыр). Қытай билігі тек мұнымен ғана шектеліп қалмай, АІ-ді құру процесінің негізгі бөлігіне де стандарттар енгізуді көздеп отыр. Бұл арада технологияға тыйым салу турасында емес, оның эмоциясына бақылау орнату жөнінде болып отыр. Бұл тараптағы ережелер қоғамдық талқыға шығарылған екен. Әлемде алғаш рет өзін адам секілді көрсететін чат-боттарға, яғни, АІ-дің “антропоморфтық”қызметіне талаптар қатаңдатылады. Мұндағы басты мақсат - аталған елдің киберкеңістік басқармасының құжатында айтылғандай, “жағымсыз эмоциялық әсердің алдын алуға” саяды. Жатық тілмен айтқанда, мемлекет ел тұрғындарын адамға ұқсас, айла-шарғыға жол беруі ықтимал виртуалды серігінің тарапынан төнетін психологиялық зияннан қорғағысы келеді. Бұрын АІ-дың не айтқаны қадағаланса, енді технологияның оны қандай ниетпен айтқанын немесе қалай айтқанын қадағалайтын болады. Осылайша Қытай билігі контент қауіпсіздігінен эмоциялық қауіпсіздікке көшеді. Бұл бағытта қытай билігі мәтін, дауыс немесе видео арқылы адамның тұлғалық қасиетін қайталауға талпынатын кез келген АІ сервисін бақылауға алады. Жасанды зердеге нақты мына нәрселер брйынша тыйым салынады:

l Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын немесе көтермелейтін (дәріптейтін) контентті генерациялайтын АІ;

l  Ауызша зорлық-зомбылық немесе эмоциялық шантаж әдістерін (өз біреулерге айдап салу, арандату, шағылыстыру, т.б.) пайдаланатын АІ;

l  Құмар ойындарға, зорлық-зомбылыққа немесе анайы материалдарға байланысты материалдар жасайтын АІ;

Бұдан бөлек, ең қатаң тармақ - шұғыл ден қою немесе назар аудару процедурасы. Егер пайдаланушы өзіне зиян келтіру ниеті туралы тікелей мәлімдесе, АІ жүйесі бұл туралы тірі оператор-адамға бірден хабарлауға және туыстарына немесе сенімді адамдарына хабарлауға міндетті.

 - Кәмелетке толмағандар үшін ерекше режим енгізіледі. Балалар АІ-компаньонмен қарым-қатынас жасау үшін ата-аналарының келісімі керек. Платформалар балалар жасын мінез-құлқы бойынша анықтай білуі және автоматты түрде барынша қорғау режимін қосуы тиіс. Сондай-ақ, үзіліссіз, яғни, екі сағат бойы тілдескеннен кейін үзіліс туралы еске салуы керек.

- 1 миллион пайдаланушы немесе 100 мың белсенді аудиториясы бар ірі сервистер ай сайын қауіпсіздігі бойынша міндетті мемлекеттік тексеруден өтеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам бүкіл әлем үшін тренд болуы мүмкін. Көп жағдайда артық бақылау жасайды, деп айыпталған Қытай бұл жерде ұлттың психикалық денсаулығын қорғайды. Заң шығарушылар халықты АІ-манипуляциялардан қорғап, технологияны тұтастай иесіздендіріп, нейрожелілерді қауіпсіз анықтама құралына айналдырғысы келеді. Жаңа ережелердің мәні түсінікті: эмоциялар - адамның құзыреті, оның АІ-ге қатысы болмауы тиіс.

0 пікір
Мұрағат