Қытай уран өндірудің экологиялық әдісін тапты
Қытай уран өндірудің экологиялық әдісін тапты
2 ай бұрын 402 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа технология туннел қазу үшін жерді үңгу (қазу) машақатынан құтқарады әрі радиоактивті ізі болмайды. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы Ішкі Моңғолия аумағында орын тепкен Ордос бассейнінде «Ұлттық №1 уран жөніндегі» жобасында табиғи уранның алғашқы бөшкесін өндіргенін хабарлады. Жаңа әдіс бойынша. Қытайдағы айналдырған бір жыл ішінде салынған аса ірі уран кенішінде уранды мейлінше экологиялық жағынан таза, қоршаған ортаға қауіпсіз әрі тиімді тәсілмен алуға кіріскен. Осы уақытқа дейін қытай мамандары уранды оңтүстік өлкеден, соның ішінде Жианши провинциясынан өндіріп келген еді негізінен. Ондағы уран кеніші гранитті жыныста орналасқан. Уранда өндіру үшін жерасты шахталары, бұрғылау, химиялық реагенттер секілді қауіпті, әдіттегі әдіспен жүргізілген. Шығыны көп әрі қоршаған ортаға залалды тәсіл енді қолданылмайды. Бірегей жобаның негізін жерасты шаймалау әдісі (in situ) құрайды. Ұңғымалар арқылы құрамында ураны бар құмтасқа реагент ерітіндісі айдалады - ол уранды тікелей кенде ерітеді, содан кейін уранмен байытылған ерітінді жер бетіне шығарылады. Сарапшылар бұл процесті тамыр ішіндегі «тамызғымен» салыстырады: шахта мен туннел құрылысының орнына реагент кенді сіңіреді. Концентрацияланған күкірт қышқылының орнына Қытай оттегімен CO ₂ жұмсақ су ерітіндісін қолданады. Бұл әдіс іс жүзінде қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Құрал-жабдықтар толық атвоматтандырылған әрі қашықтан басқарылады: деректер бақылау орнының цифрлы орталығына келіп түседі. Мұндай айрықша технология әдеттегі өндірістен бірнеше есе зиянсыз әрі қауіпсіз болып келеді. Әлемдік уранның үштен екісі Қазақстанда, Канадада және Австралияда өндіріледі. Қазақстан - ірі өндіруші: 2024 жылы еліміз шамамен 23 270 тонна уран өндірді (әлемдік өндірістің 40%-нан асқан) және әлемдік қордың 14%-ие. Канада Атабаска бассейніндегі ірі кен орындарымен әлемдік өндірудің шамамен 10-15% -ын қамтамасыз етеді; оның ресурстары 588 500 т U (әлемдік 10%) ≈ бағаланады. Ресей жылына шамамен 2-3 мың тонна өндіреді, ал оның қоры шамамен 477 000 тонна уранды (әлемдік 8%) құрайды.

Қазақстан мен Қытай әдістерін салыстырып көрейік:

• Қазақстан: күкірт қышқылымен жерасты сілтісіздендіру әдісімен уран құмтасын өндіреді: ерітінді кенге айдалады және одан уранды шаяды. Бұл тәсіл ірі өнілірісте тиімді, есесіне миллион тонна қышқыл мен қатаң экологиялық бақылауды қажет етеді. Ол ауқымды көлемде арзанға түскенімен радиоактивті шайынды су мен қалдықтары көп тәсіл.

• Қытай (жаңа әдіс): CO ₂ + O ₂ жұмсақ ерітіндісін пайдаланады. Көмiрқышқыл газы кенде әлсiз көмiр қышқылына айналады - бұл фактор кері әсері көп улы заттарды күрт төмендетедi. Мұндай әдіс туннелдердің қажеттілігін жояды және іс жүзінде радиоактивті «қалдықтарды» қалдырмайды. Қашықтан басқару және сандық бақылау процесті одан да қауіпсіз және тиімді етеді.

Бұл жетістіктер Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігін арттырады.

0 пікір
Мұрағат