Қытай Тайванды өзіне қосып алатынын мәлімдеді
Қытай Тайванды өзіне қосып алатынын мәлімдеді
6 жыл бұрын 3966 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай халық республикасының төрағасы "Бір Қытай" саясаты аясында Тайванды бейбіт жолмен қосып алатынын мәлімдеді. Керек жағдайда, дәлірегі, бас көтергендерді басып-жаншудан, екі елдің қосылуына қарсылық көрсетіп, кедергі келтіргендерге қару қолданудан тайынбайтындарын да жасырмады. Қытай билігінің "тарихи міндет" атаған бұл мәлімдемесі Тайванның түсін қашырып, түн ұйқысын ұрлауда. Қаңтар айының 2-сі күні Си Цзиньпиннің жыл басталмай жатып, "Тайван мәселесін" қозғауының астарында не жатыр? Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы америкалықтардың Қытай ықпалының артуына барынша тосқауыл қоюға ұмтылысы қытай билігінің шешуші қадамға баруына итермелеуде. Тарихқа сәл шегініс: 1949 жылдан бастап, екі ел арасындағы ресми қатынас доғарылған болатын. Арада табаны күректей қырық жыл өтсе де Қытай бір сәт Тайванды қосып алуды ұмытқан емес, Өйткені, тайвандықтардың дені қытай. Қытай билігі осыны арқаланып отыр. Қытай билігі осылай дей келе Тайванды қосып алу Қытайдың ішкі мәселесіне жататынын, сыртқы елдердің бұл мәселеге араласуға жол бермейтінін де шегелеп тұрып ескертті. Тайван президенті Цай Инвэнь "бір ел- екі жүйе" саясатынан түбегейлі бас тартатынын" мәлімдеп, жауап қайтарды. Өткен 2018 жылдың қыркүйек айында АҚШ тарапы Тайванды қытай басқыншылығынан қорғануы үшін 330 млн долларға бағаланған қару-жарақпен жабдықтады. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, Тайван бұғазына әскери кемелерін үш мәрте жөнелткен болатын. Тайванға қолдау көрсетіп. 

1 пікір
  • түрлі экономикалық ынтымақтастық, интеграция деген желеумен бізде де қытай келімсектері қаптаса. мұндай қауіп бізге де төнуі мүмкін екенін естен шығармаған жөн. Қвзір қытайландыру саясаты қатты қарқынмен жүріп жатыр. Тура іргесіндегі біз сияқты ел екі шоқып, бір қарауы керек. Сақтық керек
    6 жыл бұрын
Мұрағат