Қытай соты ерлі-зайыптыларға қатысты «ерекше» үкім шығарды
Қытай соты ерлі-зайыптыларға қатысты «ерекше» үкім шығарды
1 ай бұрын 395 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдағы сот ерлі-зайыптылардың ажырасуына қатысты істе өзгеше үкім шығарды. Бұл үкім қоғамда кәдімгідей дүрбелең тудырды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Уан есімді күйеуімен табаны күректей 13 жыл бірге тұрған Ху есімді әйел осы жылдар аралығында қыздарын тәрбиелеп, үй шаруашылығын жүргізгені үшін күйеуінен 7000 доллар өтемақы талап етіпті. Алайда, сот істі қарай келе әйелдің талабын қанағаттандырып қана қоймай, өтемақы мөлшерін 35 мың долларға дейін көтерген. Неге? Өйткені, әйел тұрмысқа шыққан соң жұмысын тастап, біржола үй шаруашылығымен айналысқан. Қызын тәрбиелеген. Ал күйеуі қызының тәрбиесімен де, үйдің тірлігімен де шаруасы болмаған. Соңғы жылдары ерлі-зайыптылардың арасы суып кетті, кезекті ұрыс-керістен соң әйел сотқа күйеуінің үстінен шағым түсірген. Қытай халық республикасының азаматтық кодексінде көзделген ережеге сәйкес ерлі-зайыптылардың біреуі келесі тараптың үстінен шағым түсіре алады, егер үй шаруашылығына қолғабыс етпесе. Осыны ескерген сот әйел талап еткен 7000 доллардың осынша жылдардағы үй шаруашылығына жұмсаған уақыты мен күш-жігерін ақтамайтыны, сол себепті, өтемақы мөлшерін арттырған екен – 35 мың долларға дейін. Сот алқасы некенің біріккен жұмыс екенін, үй тірлігінің ерлі-зайыптыларға бірдей міндет екенін алға тартты. Соттың бұл шешімі қоғамда дүрбелең тудырды. Десе де соттың шешімін құптағандардың қарасы көп болды.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4